Алматы әлемдік урбанистиканы дамыту орталықтарының лигасына енді

Алматы әлемдік урбанистиканы дамыту орталықтарының лигасына енді
Сурет: The-steppe.com

Сарапшылар БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Тұрақты даму мақсаттарын ілгерілету бойынша хаб мәртебесі Алматыға 115 миллионнан астам адам тұратын Орталық Азия аймағының жаңа өсу нүктесіне айналуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сонымен қатар жаңа мәртебе Алматының тұрақты даму мақсаттарын шешу үшін халықаралық қаржы мен озық технологияларды тарту әлеуетін арттырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл мегаполистің Орталық Азия, Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мен Ауғанстан елдеріне экспортталатын табысты жобаларын көбейте отырып, халықаралық құзырет орталығын қалыптастыру мүмкіндіктерін арттырады. Сондай-ақ Алматы қыркүйек айының соңында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын ілгерілеткен әлемдегі алғашқы аймақтық хаб-қала атанғанын айта кету керек.