Алматы әкімінің баспасөз қызметі жалған аккаунттар туралы ескерту жасады

Алматы әкімінің баспасөз қызметі жалған аккаунттар туралы ескерту жасады
Сурет: интернеттен

Осыған орай, әкімдік тек ресми ақпарат көздеріне сенім білдіруді сұрайды.

Әкімдік әлеуметтік желілерде әкімнің атын қолданып жаппай пайда болып жатқан аккаунттардың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Алматы қаласы әкімінің атын қолданып, әлеуметтік желілерде аккаунттардың жаппай пайда болуына байланысты, бұл профайлдардың жалған екенін және қала әкімі Ерболат Досаевқа еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Осыған орай тек ресми ақпарат көздеріне сенім білдіруді сұраймыз», - делінген хабарламада.