Алматы әкімі Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездеседі

Алматы әкімі Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездеседі
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұл - қала әкімінің тұрғындармен төртінші кездесуі.

2022 жылдың 19 мамырында сағат 15:00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Кездесу Наурызбай ауданының Қалқаман-2 шағын ауданы Талжанов көшесі, 1г мекенжайда орналасқан жалпы білім беретін №206 мектепте өтеді.

https://go.2gis.com/mszd1

Бұл - қала әкімнің тұрғындарымен төртінші кездесуі. Жыл соңына дейін барлығы 24, яғни әрбір 8 ауданның тұрғындарымен тоқсанына кемінде бір кездесу өтеді.