Алматы әкімі Медеу ауданының тұрғындарымен кездесті

Алматы әкімі Медеу ауданының тұрғындарымен кездесті
Суретті түсрігне - Д.Исаев

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың халықпен кезекті кездесуі Медеу ауданында өтті. Қала басшысы ауданның дамуы және тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Кездесуге 350-ден астам адам келді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.    

Ауданда инженерлік және көлік инфрақұрылымын модернизациялау мәселесі өзекті болып қала береді. Өткен жылы 5,4 км сумен жабдықтау және кәріз желілері салынды және қайта жаңартылды. 2023 жылы тағы 64,7 км салу жоспарланған, нәтижесінде алты шағынауданның 19 мыңнан астам тұрғыны қажетті коммуникацияларға қол жеткізе алады. Бұдан басқа, "Думан" шағынауданында 14 км су құбыры және кәріз желілерін салуға ЖСҚ әзірленуде.            

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың соңына дейін "Тасты үстірт", "Көлсай", "Мұзтау" және "Оңтүстік" шағынаудандарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 4 жаңа су көздерін салу және "Балқаш" резервуарлары мен сорғы станциясын толық реконструкциялау жоспарлануда.

Жол инфрақұрылымы және қауіпсіздік мәселелері бойынша

Өткен жылы 27 шақырымнан астам жол жөнделіп, 18 шақырымнан астам тротуар жасалды. 2023 жылы 37 көшеде тағы 32 шақырым жолды жөндеу, ағымдағы жөндеумен 50 мың шаршы метрді қамту жоспарлануда. Жылжымалы составты жаңарту үшін ағымдағы жылы 8 бағытта 126 автобус қарастырылған.

Алматы әкімі ауданның қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы мәселелерге тоқталды. Тәжірибе көрсеткендей, аудандағы қылмыстардың 80%-ы бейнебақылау камералары арқылы ашылады. Ағымдағы жылы Алматыда 6000-нан астам камера орнату жоспарланған, оның 755-і Медеу ауданында болады. Қазіргі уақытта оларды орнату үшін көшелер тізімі дайындалуда.

Оқушы орындарының тапшылығын азайту үшін биыл №48 мектептің жанынан 250 орындық қосалқы нысанды қайта жаңарту және №131 мектепті сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу аяқталады. "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында "Шығыс қақпасы" жаңа полиция орталығының аумағында 2000 орындық жаңа мектеп салынады.

Ауданда мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыруға, сондай-ақ балаларды сауықтыруға көп көңіл бөлінеді. Ағымдағы жылы 2 балабақшаны күрделі жөндеу жоспарланған. Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында "Алатау" шағынауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы жоспарланған.

Медициналық қызмет көрсетудің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылдың қаңтар айында ауысымда 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшерлік-амбулаториялық пункт ашылды, бұл "Кеңсай", "Көлсай" және "Сұлусай" шағынаудандарының 15 мыңнан астам тұрғынын медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Аудан тұрғындарын жайлы өмір сүру ортасын жетілдіру және абаттандыру мәселелері толғандырады. Өткен жылы Оқушылар сарайының жанындағы скверді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік мұражайдың жанындағы саябақты қайта құру жалғасуда.

"Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы бойынша өткен жылы 19 жоба іске асырылып, 20 аула мен Кіші Алматы өзенінің жағалауы абаттандырылды. Ағымдағы жылы осы бағдарлама бойынша 30 жоба іске асырылатын болады, оның ішінде аула аумақтарын жөндеу, қоғамдық орындарды абаттандыру және тереңдетілген контейнерлерді орнату жобалары бар.        

Алматы әкімімен кездесу барысында тұрғындар жолдарды жөндеу, кәріз және электр желілерін абаттандыру, т.б. мәселелерді көтерді.