Алматы әкімі көшеде сауда жасаудың жаңа ережелері туралы айтты

Алматы әкімі көшеде сауда жасаудың жаңа ережелері туралы айтты
Сурет: InAlmaty.kz

Қағидалар әзірленіп, Әділет министрлігіне қарауға жіберілді.

Бекітілгеннен 10 күннен кейін жаңа ережелер дереу күшіне енеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Бұл базар иесіз, антисанитарлық жағдайда. Олар қалағанын саудалайды. Осы шағын базармен қанша күрессе де, еш өзгеріс жоқ, адамдар сол бұрынғыша әлі күнге дейін көше бойында сауда жасауын тоқтатар емес. Осыған әрекет етуіңізді өтінемін», деп сұрақ қойды аудан тұрғыны.

«Ұйымдастырылмаған саудаға қатысты жаңа ережелерді қабылдаймыз, біз оны әзірледік. Қалалық ішкі істер департаменті айыппұл салып, стихиялы базарларды жауып тастай алады. Қағидалар әзірленіп, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне қарауға жіберілді. Ағымдағы жылдың 15 тамызына дейін олар осы ережелер бойынша шешім қабылдайды деп үміттенеміз. Бекітілгеннен кейін 10 күннен соң жаңа ережелер дереу күшіне енеді. Ереже бекітілгеннен кейін, қала әкімдігі мен полицейлер тек Бостандық ауданының аумағында ғана емес, бүкіл қала көлемінде заңсыз стихиялық саудамен күресетін болады», - деді Ерболат Досаев.