Алматы әкімі Ерболат Досаев қанша жалақы алатынын айтты

Алматы әкімі Ерболат Досаев қанша жалақы алатынын айтты
Сурет: Youtube.com

Әкімнің жалақысы 980 мың теңгені құрайды.

Алматы әкімі Ерболат Досаев өз жалақысының мөлшерін атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Ай сайынғы лауазымдық жалақы 980 мың теңгені құрайды. Барлық мемлекеттік қызметкерлерге кейде сыйлықақы беріледі», - деп жауап берді Ерболат Досаев ОКҚ брифингінде журналистің сұрағына.

Ерболат Досаев 2022 жылдың 31 қаңтарында Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы қызметін атқарған.