Алматы әкімі бордюрлерді ауыстыру бойынша сұрақтарға жауап берді

Алматы әкімі бордюрлерді ауыстыру бойынша сұрақтарға жауап берді Сурет: ашық дереккөз

Бүгінде қала аумағында көшелерді жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қала тұрғындары жөндеу жұмыстарын қадағалап отырғаны байқалады. Оны мегополис әкімінің Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуінде анық байқалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Кездесу барысында кезегі келген аудан тұрғыны:



Бордюрлерді ауыстыруды қашан тоқтатады? Жыл сайын қалада қалыпты көрінетін бордюрлер мен асфальт өзгереді. Көптеген аулалар мен көшелерде, тек Орбитада ғана емес, асфальт жоқ, сіз оған қалай қарайсыз?



Өкінішке орай, қалада осындай проблема болды. Тіпті, асфальт төселгеннен кейін де, бұрын инженерлік коммуникацияларға қатысты мәселелер туындады. Сондықтан, жол жамаулары, қайта асфальт  төсеу сияқты  қосалқы жұмыстар орын алды. Идея және технология бойынша – алдымен барлық коммуникацияларды жөндеп, ретке келтіру керек, содан кейін ғана жол асфальт төселуі тиіс, - деген Алматы әкімі: 



Менің ізгі ниетім – қалада жақсы инфрақұрылымы бар сапалы жолдар жасау.
Бұрын мердігерлер газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз, электр және т.б. желілерін траншеялық төсеу жұмыстарымен қоса жүргізетін, соның салдарынан сапа болған жоқ. Осы жылдан бастап желілерді төсеу енді жолақтың бүкіл енімен жүреді. Бұл талапты қалалық мобилділік басқармасы әзірледі және ол жол төсемінің сапасын сақтауға мүмкіндік береді.


Жөндеу барысында аралық кезеңді де ескеру қажет. Егер жолдарды жөндеу мерзімдері  уақытына жетпесе,онда бюджеттен осы мақсаттарға ақша бөлінбейді. 


Бәрімізді алаңдатып отырған бордюрлерге туралы айтатын болсақ. 


Жақында біз жолдарды жөндеу бойынша баспасөз турын өткіздік, журналистерге бордюрлердің қалай қашалатынын арнайы көрсеттік. Бордюр алынған кезде ол  қашалып, тегістеледі, тазарған соң бұрынғы орнына қайта қойылады. Нормаларға сәйкес түзетілмейтіндері ауыстырылады. Алматы жолдарында бордюрлердің тек екі түрі бар. Бұл цемент-құмнан жасалғандар, олар алдымен персстеледі, содан кейін орнатылады. Олардың қызмет көрсету мерзімі 5 жылдан аспайды, біз қыста жолдарды химиялық заттармен өңдейтініміз, сондай-ақ арнайы техникамен тазалаймыз, өзге де мәселелер болады. Бордюрлердің екінші түрі – 10 жылдан 15 жылға төзімді гранит. Әл-Фараби даңғылында біз бордюрлардың 20-25%-ын ауыстырамыз деп ойладық, бірақ тек 3%-ын ғана өзгертеміз. Жолдарды орташа жөндеу жүргізілетін учаскеде барлығы 26 мың қума метр борттық тастар бар. 
Бордюр не үшін қажет? Бұл қауіпсіздіктің қажетті элементтерінің бірі және қалыпты, жарамды  болуы керек. Көпшіліктің өтініші бойынша  мен бұл мәселені назарда ұстаймын. Өткен аптада мен жолдарды орташа жөндеумен айналысатын барлық компанияларды жинадым. Біз барлық жинақталған мәселелерді талқыладық, мен оларға техникалық қадағалау аясында олардың қалай жұмыс істейтінін қадағалайтынымызды тағы да ескерттім. Осылайша, бордюрлердің 3-5%-дан аспайтын бөлігі ауыстырылады, қалғандары  тазарған соң орнына қойылады. 


Магистральдық жолдарда полимер алғаш рет қолданылатынын атап өткім келеді. Төселген соң оны кем дегенде 36 сағат ұстау керек, идея бойынша көп уақыт қажет. Оны 140-160 градустан 30-40 дейін салқындату керек. Ыстық асфальтпен жүруге болмайды. Дайындық жұмыстары күндіз, ал асфальт тек түнде төселеді.


Біз кем дегенде 10 жылға жарамды жолдарды салғымыз келеді, төзімді және берік, сапалы  жолдарды  кім  бұзады. Ал сапалы жол бәрімізге ортақ.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04