Алматы әкімдігі жолаушылар тасымалдайтын үш компаниямен соттасып жатыр

Алматы әкімдігі жолаушылар тасымалдайтын үш компаниямен соттасып жатыр Сурет: 24.kz.

Тиісті шешім шыққан соң мәселе шешіледі.


Алматы қаласының әкімдігі жолаушыларды тасымалдайтын үш компаниямен соттасып жатыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Наурызбай ауданында өткен кездесу кезінде қала тұрғыны №14 автобус бағытындағы көліктің саны 3-4 бірлікке дейін қысқарғанын, таңғы уақытта тек 2 автобус жүретінін айтып шағымданды.



«Бұл бағыттағы автобус балаларымызды үйден мектепке дейін және кері қарай жеткізетін көлік еді», - деді ол.



Алматы қаласы мобилділік басқармасының бастығы Ғани Мұрзахановтың айтуынша, №14 бағытқа қатысты біраз мәселе бар.



«Ол жеке тасымалдаушы. 18 көліктің тек 4-5-і жолға шығады. Алдағы уақытта бұл бағыт бойынша оптимизация жүргізіледі. Біз автобустарға тапсырыс бердік. Олар 15 күн ішінде келуі тиіс», - деді Ғани Мұрзаханов.



Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев бүгінгі күні үш тасымалдаушы компаниямен соттасу процесі жүріп жатқанын айтты.



«Өкінішке орай, тасымалдаушылардың барлығы өз міндеттерін орындай бермейді. Сот тәртібімен тиісті шешім шыққан соң, бұл мәселе шешіледі», - деді қала әкімі.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14