Алматы әкімдігі жауапсыз мердігер компаниямен келісімшартты бұзды

Завершилась ее третья неделя, сообщает Vecher.kz.

Алматы әкімдігі жауапсыз мердігер компаниямен келісімшартты бұзды

Сол себепті жобаны орындау келесі жылға қалып отыр.


Алматы әкімдігі қаладағы сумен жабдықтау және су бұру құрылысына қатысты өз міндеттемелерін дұрыс атқармаған компаниямен келісімшартты бұзды. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Әкімнің айтуынша, қазір ауданда сумен жабдықтау және су бұру - өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, «Кемел» шағынауданында аса маңызды.



«2021 жылдың қыркүйегінде сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу үшін мердігер анықталды. Алайда, ол өз міндеттерін дұрыс орындамады. Сондықтан біз шартты сот арқылы бұзуға мәжбүр болдық. Сол себепті жобаны орындау келесі жылға қалып отыр», - дейді қала әкімі.



Сонымен қатар, ол аталған шағынаудандағы әрбір жеке үйге тұрақты электр энергиясы тартылып, қалалық желіге қосылатынын мәлімдеді.



 «2022 жылы «Кемел» шағынауданындағы электр желілерін реконструкциялау жұмыстары басталғанын айта кеткім келеді. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін «Кемел» шағынауданындағы әрбір жеке үйге тұрақты электр энергиясы тартылып, қалалық желіге қосылатын болады», – деді Ерболат Досаев.


Ваша реакция?
Нравится
0
Не нравится
0
Смешно
0
Возмутительно
0
Спасибо за Ваше мнение