Алматы әкімдігі тұрғындардың үрейін ұшырған көрініске қатысты жағдайды түсіндірді

Алматы әкімдігі тұрғындардың үрейін ұшырған көрініске қатысты жағдайды түсіндірді Inform.kz

20 ақпан күні Алматыда Тоқтабаев пен Сүлейменов көшелерінің қиылысында жиналған бір топ адам айқайлап, қауіпсіздік қызметкерлерін ұрып-соққан. Мұны көрген тұрғындар үрейленіп, сол маңнан тезірек кетуге тырысқан. Осыған байланысты жергілікті билік жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.


Бейнежазбадан бір топ адамның көшенің ортасында келе жатқанын көруге болады. Олардың қолында темір қалқан мен таяқ болды.


Ал мұндай қорқынышты көріністі көрген тұрғындар шошып кетті. Жүргізушілер жол ережесін бұзып, сол маңнан тезірек кетуге асықты.


Кейіннен мұның бәрі түсірілім үшін жасалғаны анықталды.


Алайда «Cultburo» ЖШС қаңтар айындағы оқиғалар туралы ролик түсіруге ресми рұқсат алмаған.


Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 ақпанда Алматы қаласы әкімінің, Әуезов ауданы әкімінің және полиция департаментінің атына «Cultburo» ЖШС-нен 13 ақпанда «Хабар» телеарнасының тапсырысы бойынша қаңтардағы оқиғалар тақырыбына әлеуметтік ролик түсіруге рұқсат беру туралы өтініш келіп түскен.


Аталған өтініш бойынша қоғамдық даму басқармасының мамандары өтініш авторларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді және оларды түсірілім жүргізуге рұқсат берілмегені туралы хабардар етті. Полиция департаментінен де еш рұқсат берілмеген.


Алайда, ролик түсіруге тыйым салынғанына қарамастан, «Cultburo» ЖШС ағымдағы жылдың 20 ақпанында бейнеролик түсірген.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26