Алматы әкімдігі шетелдіктерден алынатын 5% туристік жарнаны түсіндірді

Алматы әкімдігі шетелдіктерден алынатын 5% туристік жарнаны түсіндірді Сурет: Fishki.net

Бұл жарнаны қазақстандықтар төлемейді. 


Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров 2023 жылдың қаңтарынан бастап шетелдіктерден алынатын туристік жарнаның неліктен 5 пайыз болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Bed Tax деп аталатын туристік жарна, 2021 жылы заңға енгізілген. Содан кейін Үкімет ережелерді бекітті, оған сәйкес, есептеу әдістемесі бойынша туристер ағынының 20%-ға ұлғаюына байланысты Bed Tax жарнасы 5% деңгейінде енгізіледі. Яғни, біз қазір әдістемеге сәйкес осындай шешім қабылдадық. Бұл алым әлемдік тәжірибеге сәйкес туризмді одан әрі дамытуға бағытталғандықтан, келесі жылдан бастап тиісті заң күшіне енеді деп сенеміз. Оны біздің азаматтар төлемейді», - деп жауап берді ол.



Айтуынша, Алматыда шетелдік туристер саны 2,8 есе, ішкі туристер саны 1,4 есе өсті.



«Жарна да өзгеруі мүмкін. Шетелдік туристер ағыны азайса, сәйкесінше, оның құны да төмендейді», - деп қосты спикер.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50