Алматы әкімдігі креативті индустрияны дамытуға назар аудармақ

Алматы әкімдігі креативті индустрияны дамытуға назар аудармақ Сурет: Almaty-akshamy.kz

2023 жылға қойылған міндеттер осындай.


Сонымен қатар жоғары технологиялық және «таза» өнімдер, туризм, IT-сектор да басты назарда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұлтуралы Өңірлік коммуникациялар қызметі брифингіне келген Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров айтып өтті.


Келесі жылы жеті шағын өндірістік паркті іске қосу, креативті салалар үшін венчурлық қор құру, басым бағыттар бойынша 50 млрд теңгеге дейін 2,6 мыңға жуық ШОБ жобасын қаржыландыру жоспарлануда. Жалпы, инвестиция ретінде оған 1,5 трлн теңге тартылады.


Соның арқасында 2023 жылы Алматы қаласы экономикасының өсімі 4,4 пайызды құрайтын болады. Әлішер Әбдіқадыров бүгінде Алматыда қаңтар оқиғасынан кейін шағын және орта бизнестің қызметі толық қалпына келгенін айтты. ШОБ субъектілеріне 16,2 млрд теңге төленген.



«Шағын кәсіпкерліктің белсенділігіне қызметтердің кеңеюі мен ынталандыру шаралары ықпал етті. Бұл ретте 115,4 млрд теңгеге 2,7 мыңнан астам жоба қолдау тапты», - деді ӨКҚ спикері.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37