Алматы әкімдігі бұрын жарығы болмаған 511 учаскеде жарық жүргізуді аяқтайды

Алматы әкімдігі бұрын жарығы болмаған 511 учаскеде жарық жүргізуді аяқтайды Cурет: Almaty.tv

Мәслихат сессиясында қала әкімі Ерболат Досаевтың қатысуымен Алматының қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджет жобасы қаралды.


Оның барысында қала қауіпсіздігі де сөз болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Жұмысымыздың маңызды бағыты қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылық тәуекелдерін азайту болып табылады. Мемлекет басшысы Алатау ауданында пилоттық режимде ашылған полицияның сервистік орталығының жұмысына оң баға берді. Нәтижесін ескере отырып, біз басқа 7 ауданда да осындай орталықтар ашуды жоспарлап отырмыз (1,1 млрд теңге)», - деді қала әкімі Е.Досаев. 



Сейсмикалық қауіпті ескере отырып, 17 сейсмикалық станция орнату арқылы халыққа жақындап келе жатқан жер сілкіністері туралы ерте хабарлау жүйесін енгізу жұмысы жалғасады, оған 597 млн. теңге көзделеді.


Көше жарығы – қоғамдық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық маңызды бағыт.


Қазір қала көшелері мен аулалардың 20%-інде жарық жоқ, ал шамдардың 1/3 (үштен бір) бөлігінің сапасы төмен.


Осы мәселені шешу үшін жыл соңына дейін Алматы қаласының әкімдігі бұрын жарығы болмаған 511 учаскеде жарық жүргізуді аяқтайды. Бұл жұмысты жалғастыру үшін 2023 жылға 550 учаске және 5,5 млрд. теңге жоспарланған.


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37