Алматы 1989 жылы ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушілер еске алды

Алматы 1989 жылы ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушілер еске алды
Cурет: ТЖД

Қаланы өрттен өз кеудесімен қорғады 

Қалыптасқан дәстүр бойынша, Алматы қаласы ТЖ Департаментінде жыл сайын 20 мамырда қаза тапқан өрт сөндірушілерді еске алу Құрбан болғандардың рухына бір минуттық үнсіздік жарияланады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Осыдан отыз үш жыл бұрын 1989 жылғы 20 мамырда  Алматы қаласында тарихтағы ірі техногендік сипаттағы апат  орын алды. Ондаған құрбандар, өртенген үйлер мен қираған техника.

«Алматы-2» темір жол вокзалының кіреберіс жолдарында екі маневрлік тепловоздар соқтығысқан, соқтығыс салдарынан газ толтырылған  6 цистернаның 1-уі зақымданады, нәтижесінде өрт пайда болып, жалындаған өрт екінші цистернаны қыздырып жібереді. Қатты қызу салдарынан жойқын газ жарылысы орын алды. Үш жүз метрге дейін көтерілген өртті шар  маңайындағыларды  толықтай жауып тастады.

Өрт сөндірушілер өздерінің  батырлығы мен  батылдықтарының арқасында, жеке құрамдағы қайтара алмайтын шығындарға қарамастан, газ толтырылған төрт цистернаны  қауіпсіз жерге апарып, оқиға орын алған жерге жақын орналасқан үй-жайларды өрттен қорғап, қаламыздың көптеген азаматтарының өмірлерін сақтап қалды. 

Жарылыстың эпицентрінде болған барлық өрт сөндірушілер қатты жарақат алған, соның ішінде ішкі қызметтің кіші сержанты Искаков Е.К. қатты жарақат алып, жолдастарының алдында көз жұмады. 

Шарипов Фрид  және оның жолдастары ең ауыр күйік алса да, оны жедел жәрдем алып кетпегенше ол өз тобына соңына дейін бұйрық беріп өртпен күресе берген. Онымен бірге өрт сөндіру күзетінің сарбаздары да соңғы демі қалғанша күрескен. Бірақ өрттен алған жарақаттары сапта тұруға шыдатпады. Оқиға орнынан ауыр жарақат алған халде  Ильшат Сафарғалиевті, Кұралхан Аккуловты, Михаил Маликовты, Сейл Алимтаевты, Владимир Никуленконы алып шыққан. 

Өрт сөңдірушілердің батырлықтары мен жанкештіліктерінің арқасында басқа өрт болған жоқ. Кешкі сағат 22:20-да өрт әлі де лаулап жанып жатқан, ал 21 мамыр күні сағат түнгі 1:45-те толықтай өртті сөндірілді. Орталық өрт  сөндіру байланыс пунктінің диспетчері соңғы жазбаны жазып алды. Өртпен жанкешерлік оқиға бірнеше уақытқа созылды. Өрт сөндірушілер бұл жағдайды жеңді, бірақ көптеген қызметкерлерден айырылды. Абдранов Ислам, Касымов Расул, Еркін Ысқаков қайтыс болды, ал басқа өрт сөндіру қызметкерлері ауыр жарақат алып жатты. Ауыр жарақат алған өрт сөндіру қызметкерлерінің өмірі үшін республикамыздағы мықты дәрігерлер күресті, Алматыда бүкілодақтық күйік орталығының іс-сапарындағы мамандарда күресті.

Қазақ ССР Минздравында жасалған үйлестіруші және жұмыс орындары күні-түні жұмыс жасады. Алматы гарнизонының жеке құралған топтары күні-түні ауруханда кезекшілікте болды және кез-келген уақытта қолдан келгенді аяған емес. Сонда да қайғылы жаңалықтарды жеткізу жалғаса берді. Ауруханада Фрид Шарипов, Ильшат Сафаргалиев, Куралхан Аккулов, Михаил Маликов, Сейл Алимтаев, Владимир Никуленко қайтыс болды.
Бұл жеңіс оңайлықпен келмеді– тілсіз жаудан біздің 9 әріптестеріміз өрттен алған күйіктердің нәтижесінде қайтыс болды, олар өздерінің кәсіби міндеттерін мүлтіксіз орындады.

 КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен жойқын өртті сөндіру  кезіндегі  жанқиярлық әрекеттері, батылдық пен ерліктері үшін  батырлар: Ильшат Сафарғалиев, Расул Қасымов, Сейіл Әлімтаев, Ислам Абдранов, Фрид Шәріпов, Құралхан Аққулов, Еркін Ысқақов, Владимир Никуленко және және Михаил Маликовке  қайтыс болғаннан кейін Қызыл Жұлдыз Ордені берілді.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінде қалыптасқан дәстүр бойынша жыл сайын 20 мамырда Алматы-2 темір жол вокзалының кірме темір жолдарындағы өртті сөндіру кезінде қаза болған өрт сөндірушілерді еске алу құрметіне арналған шарада  жаңадан жұмысқа қабылданған 50 өрт сөндіруші-құтқарушылар қатысты

Қалыптасқан дәстүр бойынша, Алматы қаласы ТЖ Департаментінде жыл сайын 20 мамырда қаза тапқан өрт сөндірушілерді еске алу Құрбан болғандардың рухына бір минуттық үнсіздік жарияланады.

Іс-шараға өрт сөндірушілер, өртке қарсы қызмет ардагерлері, сондай-ақ, қаза болған өрт сөндірушілердің балалары мен туыстары қатысты.

Қаза болған өрт сөндіруші батырлардың жасаған ерліктері Алматы гарнизонының өрт-құтқарушылары үшін  мәңгілік қызмет көрсету үлгісі болып қала береді.