Алмалы ауданындағы бірқатар білім мекемелері жөндеуден өтеді

Мектептер мен балабақшаларда 4,1 мың орын жетіспейді.
Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев мектептер мен балабақшаларда орын тапшылығын төмендету бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
Биылғы жылы №34 және 144 гимназияларға 850 орынды екі қосалқы нысан пайдалануға берілді. №15 гимназияны сейсмикалық күшейту бойынша күрделі жөндеу жұмыстары басталды. №16 мектепке қосалқы нысан салуға жобалық құжаттаманы әзірлеу жоспарда бар. Мектепке дейінгі білім беру объектілері бойынша №43 балабақша ғимаратының бұрын жекешелендірілген бөлігі сатып алынды. Оқу жылының басына дейін №7 балабақшаның сейсмикалық тұрақтылығын күшейту аяқталады.
Мұратбаев-Жібек жолы көшелеріндегі балабақшаның бұрынғы ғимаратын жеке меншіктен қайтару және Тілендиев көшесіндегі бұрынғы балабақшаны қалпына келтіру мәселесі қарастырылуда.