Алмалы ауданындағы 4 подстанция модернизацияланады

Алмалы ауданындағы 4 подстанция модернизацияланады Сурет: ашық дереккөз

Қыркүйек айының соңына дейін Алмалы ауданында 4 подстанция қайта жаңартылып, 8,5 шақырым электр желілері жаңғыртылады.


Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қала басшысы электрмен жабдықтау мәселесі Алмалы ауданының тұрғындары үшін басты мәселелердің бірі екенін атап өтті. Биыл жыл басынан бері коммуналдық қызметтер 215 апатты тіркеді. Бұл ретте электр желілерінің 81%-ы- тозған. Бұл мәселені шешу үшін биыл жыл басынан бері «Алатау жарық компаниясы» АҚ компаниясы 17 қосалқы станцияны модернизациялау және 41,5 шақырым тозған электр кабель желілерін ауыстыру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, «Жібек Жолы» жаяу жүргіншілер көшелеріне кабель төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл 17 қыркүйекке дейін аяқталады. Жүргізіліп жатқан жұмыстар Алмалы ауданындағы электр желілерінің жұмысын тұрақтандырып қана қоймай, резервтік қуаттылықты 6-дан 10 кВт-қа дейін арттырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40