Алмалы ауданында күзде 66 ауланы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады

Алмалы ауданында күзде 66 ауланы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады
almaty-akshamy.kz

Алматының Алмалы ауданында 66 аулада жөндеу жұмыстары аяқталуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алмалы ауданының әкімі Ержан Сейтенов айтты деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Аудан басшысы аула аумақтарын абаттандыру ғана емес, тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін жағдайды жақсарту маңызды екенін атап өтті.

Ержан Сейтеновтің айтуынша, ауданда 1 395 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның үстіне «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында 37 үйде 102 лифт жабдығы жаңартылды.

Сонымен қатар, Шевченко көшесіндегі тұрғын үйдің шатыры мен қасбеттерін күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, бес көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Шатырлар мен инженерлік желілер ауыстырылып, ғимараттардың қасбеті өзгертілуде.

«Биыл жоспарланған жөндеу жұмыстарының ішінде 12 көпқабатты үйлердің 10 үйінің қасбеттері жөнделді, қалған екі үйді осы айда аяқтаймыз», - деді Ержан Сейтенов.

Аудан әкімі күзде аяқталуы жоспарланған 66 аула аумағында күрделі жөндеу жұмыстарының жүріп жатқанын айтты.