Алмалы ауданында инвестициялар 52,8%-ға өсті

Алмалы ауданында инвестициялар 52,8%-ға өсті
almaty-akshamy.kz

Жыл басынан бері Алмалы ауданында экономикалық көрсеткіштердің жақсы өсу динамикасы байқалады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде мәлімдеді. 

«Осы  жылдың І тоқсанында инвестициялар 52,8%-ға өсті. 25,5 млрд. теңге инвестиция тартылды, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 49 млрд. теңгеге жуықтады. Салық түсімдері 41%-ға өсіп, 258 млрд. теңгеге жетті», - деді қала басшысы.