Алмалы ауданында 58,5 шақырым электр желісі ауыстырылды 

Алмалы ауданында 58,5 шақырым электр желісі ауыстырылды 
Сурет: Tengrinews.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы жұртшылығымен кездесті. 

Бүгінгі таңда 58,5 шақырым электр желілері ауыстырылды және осы жылға жоспарланған барлық 10 тарату және 50 трансформаторлық қосалқы станция жаңғыртылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бұл ауданның электр желілерінің орташа тозуы деңгейін 70-тен 61%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. 2023 жылы тағы 97,5 шақырым желі жаңартылып, ауданның 3 тарату және 145 трансформаторлық қосалқы станциясы реконструкциядан өтеді», - деді Ерболат Досаев.

Абай даңғылынан Есенжанов көшесіне дейінгі Тұрғұт Озал көшесінің су құбыры желілері реконструкцияланып, 15 қарашаға дейін Кәрімов көшесіндегі аумақтағы жұмыстар аяқталады.

"Жайлы" ТҮК иесіз канализация желілері және "Панорама" ТҮК канализациялық сорғы станциясы сенімгерлік басқаруға қабылданды.

Абай даңғылынан Құрманғазы көшесіне дейінгі Досмұхамедов көшесінің және Бөгенбай батыр-Радостовец көшелеріндегі ауланың жылу желілері жаңғыртылды.