Алмалы ауданында 209 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Алмалы ауданында 209 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
mundour.com

Алмалы ауданының тұрғындары 2022 жылдың басынан бері 50 млн теңгеден астам сомаға атаулы әлеуметтік көмек алды

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Сапар Нұрашев ӨКҚ брифингінде жергілікті бюджет арқылы әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.
 
Спикердің айтуынша, биыл атаулы әлеуметтік көмек 209 отбасыға 50,8 млн теңге төленді. 325 азаматқа 2 млн теңгеге тұрғын үй көмегі көрсетілді. 1 112 қала тұрғыны 7 АЕК мөлшерінде 23 млн теңгеге әлеуметтік көмек алды.

Аз қамтылған 730 тұрғынға 20 АЕК көлемінде 39,6 млн теңге бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, жиырма ҰОС қатысушысы мен мүгедектеріне 6,5 АЕК көлемінде – барлығы 1,8 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді.

«Әлеуметтік бытыраңқылықты еңсеру үшін ауданда 1500 көп балалы және аз қамтылған отбасы тіркелген «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығы өз қызметін табысты жүзеге асыруда. Орталық базасында мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде, жыл басынан бері жеке гигиена құралдарын, азық-түлік жиынтығын, сондай-ақ сыртқы киіммен 498 отбасы қамтылды», - деді С. Нұрашев. 

Аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды тегін қосымша біліммен қамтамасыз ету үшін «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы жұмыс істейді (Жібек жолы к-сі, 135, «Асыл дария» ҚҚ). 2020 жылдан бастап клуб дамыту сабақтары курсынан өткен 480 баланы қамти отырып, 5 оқуды жүзеге асырды.

Бүгінде клубта күн сайын 60 бала оқиды. Педагогтармен зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар және көп балалы аналар қатарынан 29-ы жұмысқа орналастырылды. 

Жергілікті атқарушы органдар ауданның мұқтаж тұрғындарын өз ісін ашуға ынталандырады. Олар үшін жаттықтырушылармен тренингтер, блогерлермен кездесулер ұйымдастырады, сондай-ақ кәсіпкерлерді қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын түсіндіреді, грант алу мүмкіндігі туралы әңгімелейді.
 
«Бақытты отбасы» орталығының көмегімен Qoldau кәсіпкерлерді қолдау орталығы арқылы мемлекеттік гранттарға 8 көп балалы отбасы құжат тапсырды.