Алмалы ауданында 1 100-ден астам тұрғын әлеуметтік көмек алды

Алмалы ауданында 1 100-ден астам тұрғын әлеуметтік көмек алды
almaty-akshamy.kz

Алмалы ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарынан 46 мыңнан астам адам тұрады, 4 мыңнан астамы мұқтаж деп танылған. Аудан әкімі Ержан Сейтенов Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында халықтың осы санатына қандай қолдау шаралары қарастырылғанын айтты деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Ержан Сейтеновтің айтуынша, ауданда «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығы табысты жұмыс жасауда, бұл жерде ауданның 1 500 көпбалалы және аз қамтылған отбасы тіркелген. Биылғы жылы Орталық 11 мыңнан астам қызмет көрсетіп, 17 оқу курсын өткізді.

«Орталық негізінде мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетуді ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері 1 443 отбасы жеке гигиена құралдарымен, азық-түлік пен ет жиынымен, сонымен қатар сыртқы киімдермен қамтамасыз етумен түрлі қолдау шараларымен қамтылды», - деді Ержан Сейтенов.

Аудан әкімі сонымен қатар ауданның меценаттары көп балалы аналарға 6,6 миллион теңге көлемінде материалдық көмек және аутизмге шалдыққан балаларға арналған түзету-дамыту орталығының көмек көрсеткенін қосты.

Ержан Сейтенов сонымен қатар ауданда 22 көпбалалы ананы жұмыспен қамтыған «Isker ana Almaly» әлеуметтік тігін цехының жұмысы туралы айтты. Биыл әйелдер 2 000 бұйымды тігуге берілген тапсырысты орындады.

Аудан әкімі «Бастау Бизнес» бағдарламасын іске асырудың нәтижелері туралы баяндады. Ағымдағы жылы 180 адам оқудан өтті, оның 53-і 200 АЕК көлемінде мемлекеттік грантқа ие болды.

«Қолдау» кәсіпкерлік орталығы арқылы екі көпбалалы ана тігін ісі бойынша жобаларын ұсынып, әрқайсысы 4 млн теңгеден грант алды», - деді аудан әкімі.

Соған қарамастан мұқтаж жандарды қолдаудың негізгі шаралары – атаулы әлеуметтік көмек. Жыл басынан бері 236 отбасына жалпы сомасы 44,4 млн теңге әлеуметтік төлемдер берілді, бұл 1 083 адамды құрайды.

Мүмкіндігі шектеулі 77 баланың үйде білім алуына 4,1 млн теңге өтелді. Тұрғын үй көмегі 3 млн сомаға аз қамтылған  405 азаматқа берілді.

«Тағы 1170 азамат 20,9 млн теңге сомасына 7 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек алды. Аз қамтылған 684 азаматқа 33,7 млн теңгеге 20 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді», - деді Ержан Сейтенов.

«2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 1 927 адам жұмысқа орналастырылды.