Алмалы ауданы - денсаулық сақтаудың сапалы жүйесінің орталығы

Алмалы ауданы  - денсаулық сақтаудың сапалы жүйесінің орталығы
Сурет: 24.kz

Бұл емханаларға тіркелген халықтың санына әсер етті.

Мұнда қаланың және облыстың басқа аудандарының тұрғындары тіркелуге ұмтылады, деп атап өтті қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуінде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Аудан халқының саны 224,5 мың адам болған жағдайда ауданның 18 емханасында жақын маңдағы аудандардың тұрғындарын тіркеу есебінен 2 есе көп пациенттерге немесе 443 мың адамға қызмет көрсетіледі. Қазір 500 келушіге арналған жаңа емхананың құрылысы бойынша ЖСҚ әзірленуде. Құрылысты 2024 жылы бастау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Райымбек даңғылы бойында психикалық дамуы тежелген балаларға арналған бассейні бар спорт орталығын салуға ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда.