Алма-Арасан тауларынан жоғалған әйел табылды

Алма-Арасан тауларынан жоғалған әйел табылды
Cурет: Inform.kz

Турист әйел тауға, «Терра» алаңына жалғыз өзі шыққан.

7 қаңтар күні тауға шығып, жаяу серуендеп болғаннан кейін, 1983 жылы туған әйел көлікке қарай түсу кезінде телефонын және бақылау таяқшаларын жоғалтып алды. Әйел таудан түсіп бара жатқанда, шамалы қар көшкіні түсіп, зардап шегушіні құлатып, «Проходная» өзеніне қарай алып кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

9 қаңтарда сағат 5.00 шамасында ТЖМ «РЖҚЖ» ММ кезекші бөліміне Алма-Арасан шатқалында жоғалған әйел туралы шақыру түсті. Жеке құрамның 11 құтқарушысы, оның ішінде 1 кинологиялық есептоптан тұратын жедел топ 2 автомобиль техникасымен құтқаруға шықты.

«РЖҚЖ қызметкерлері туристі түні бойы жартасты және қарлы таулардан іздеді. Одан бөлек, бірнеше еріктілер ұйымдары, соның ішінде «Доброспас» және «Лидер», сондай-ақ «Құтқару қызметі» қатысты. Іздеу жұмыстары түні бойы жалғасты. Түнгі сағат 4-ке таяу зардап шеккен турист табылды және барлық іздеу топтары берілген координаттарға қарай жылжыды. Құтқарушылар барлық қажетті көмек көрсетіп, туристті Проходное шатқалына тасымалдауды бастады. Тасымалдау аяқталғаннан кейін, зардап шегуші АМО бригадасына берілді», - деп жазды ТЖМ-нан.