Alma City-де төбелескендерді полиция іздеп жатыр

Alma City-де төбелескендерді полиция іздеп жатыр
Сурет: Іnbusiness.kz

Онға жуық адам жол бойында төбелескен.

Полицейлер Алматыда Наурызбай ауданындағы Alma City тұрғын үй кешенінің жанында болған жаппай төбелеске қатысушыларды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бақылау камералары мен куәгерлердің түсірілімінің арқасында бұзақылар жасырынған көліктер анықталды. Онға жуық адам жол бойында төбелескен болатын.

«Қазіргі уақытта Наурызбай ауданының полиция басқармасы факт бойынша тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Төбелеске қатысушылар міндетті түрде анықталып, жауапкершілікке тартылады», - деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиғаның барлық қатысушысы ұсталғаннан кейін, тәртіп сақшылары жанжалдың себебін анықтап қана қоймай, кінәлілерді жазалайды.