Алма ағаштары кесілгені анықталды

Алма ағаштары кесілгені анықталды
24 kz

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Медеу ауданы, Обсерватория көшесі, 5а мекенжай бойынша алма бақтарын кесуге қатысты ақпарат анықталды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының қызметкерлері Медеу аудандық полиция басқармасымен, сондай-ақ мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп, жедел оқиға орнына барды. Тексеруге барған кезде 21 алма ағашының кесілгені расталды. Осыған байланысты тексеру актісі жасалып, 500 АЕК шығын есептеліп, тиісті шаралар қабылдау үшін полиция департаментіне хат жолданды.

Медеу аудандық анықтау бөлімі ҚР ҚК 340-бабы бойынша "Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру" бойынша қылмыстық іс қозғады. 
Қозғалған іс бойынша кінәсін толық мойындаған кезде, жасыл екпелерді қорғау қағидалары бойынша осындай бұзушылық үшін жалпы пайдаланылатын жерлерде кесілген ағаштың өтеуіне 1050 ағаш отырғызу көзделген.