«Оператор РОП» ЖШС директорының өлі денесі табылды

«Оператор РОП» ЖШС директорының өлі денесі табылды

Тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Оператор РОП» атты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басқарушы директоры Руслан Шәмшиев өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Informburo.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оның қайтыс болғаны туралы ақпарат алғашында әлеуметтік желілерде пайда болған. Соңынан Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінде Informburo.kz сайтының редакциясы бұл деректі растаған. 

«Ер адамның мәйітін табу фактісі бойынша Есіл ауданының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді полициядағылар. 

Руслан Шәмшиев «Оператор РОП» ЖШС-нің құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры болып 2021 жылы келген. Бұған дейін ол  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында түрлі қызметтерде істеген.