Алина Саркулова Маунтинбайктен Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді

Алина Саркулова Маунтинбайктен Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді
Сурет: Olympic.kz

Жарыстың бітуіне бір күн қалғанда қазақстандық спортшы Алина Саркулова кросс-кантри пәнінен қола медальге қол жеткізді

Оңтүстік Кореяда 18 қазанда басталған маунтинбайктен Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың бітуіне бір күн қалғанда қазақстандық спортшы Алина Саркулова кросс-кантри пәнінен қола медальге қол жеткізді. Саркулова 16.45 шақырым қашықтықты 1:30:14 (+6:35) еңсерді. Бірінші және екінші орындарда қытайлық спортшылар Хонфон Ли мен Цайся Ма (+3:35) болды.

Айта кетейік, отандық маунтинбайк тарихында бұл әйелдер-элитасы санатындағы Азия чемпионатының алғашқы медалі.