Алексей Цой: Эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақтанып келеді

Алексей Цой: Эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақтанып келеді almaty-akshamy.kz

Қазақстанда соңғы 3 апта бойы эпидемиологиялық ахуалдың біртіндеп тұрақтануы байқалады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.




«Қазақстанда 18 тамызға дейін COVID-19-дың оң нәтижесімен 708 379 және КВИ теріс нәтижемен 66 381 науқас тіркелген. Түркістан облысынан басқа барлық өңір «қызыл» аймақта тұр. Қазақстанда соңғы 3 апта бойы эпидемиологиялық ахуалдың біртіндеп тұрақтануы байқалады. Бір аптада орташа есеппен шамамен 53 мың жағдай тіркеледі. 1 тамыздан бері коронавирус инфекциясының таралу индексі Қазақстанда 14 пайызға қысқарып, 1,11-ден 0,97-ге төмендеді»,- деді министр.



Оның дерегінше, инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі 53, ал реанимациялық төсек-орындардың жүктемесі 47 пайызды құрап отыр.



«Төсек-орындардың ең жоғары жүктемесі Ақтөбе облысында 69%, Қызылорда облысында 66%, ал Алматы облысында 64 пайызды құрайды», - деді Алексей Цой.





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58