Алексей Чуркин ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионында күміс медаль алды

Алексей Чуркин ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионында күміс медаль алды
Сурет: Kaztag.kz

Чемпионат Грекияда өтіп жатыр.

Грекияның Ираклион қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионында Алексей Чуркин күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап. 

73 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Алексей 329 (146+183) келіні ырқына көндірді.

Бұл салмақта индонезиялық Жулиансиах Ризхи топ жарса, америкалық Риан Енри үшінші орын алды. 

Сондай-ақ осы салмақта тағы бір отандасымыз Пётр Хребтов сынға түсті. Ол 307 (137+170) келі көрсеткішімен 5-орынға жайғасты.