Александр Недовесов - ширек финалда

Александр Недовесов - ширек финалда
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Недовесов Умаг (Хорватия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге бастапқы матчын жарыстың 4-ракеткалары, уругвайлық Ариэль Бехар – чехиялық Адам Павлашекпен өткізді.

Бірінші партияда қазақстандық-эквадорлық жұп 6:3 есебімен басым түссе, екіншісінде А.Бехар – А.Павлашек есе қайырды – 6:4.

Супер тай-брейкте А.Недовесов – Г.Эскобар айқын басымдылық танытты – 10:3. Бір сағат 24 минутқа созылған бәсеке барысында олар 4 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың біреуін құр жібермеді.

Уругвайлық-чехиялық дуэт те 4 эйс, 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.