Александр Куликов жартылай финалға өтті

Александр Куликов жартылай финалға өтті
Сурет: Olympic.kz

Куликов іріктеуден соң көш бастап тұрған словакиялық Матиж Бенустан 10.54 секундқа ұтылды. 

Токио Олимпиадасында слаломды есуден іріктеу кезеңі аяқталып, қазақстандық Александр Куликов жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Екі іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша, Куликов 108.12 көрсеткішімен 15-ші орын алды. Осылайша, жартылай финалға өткен 15 спортшының қатарына енді.