Алдағы үш күнде республикада күн суытады

Алдағы үш күнде республикада күн суытады
Сурет: Khabar.kz

Елде циклондар әсерінен ауа райының тұрақсыздығы байқалады

2021 жылдың 19-21 қазан аралығында елде күн суытады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады. 

Болжамға сәйкес, үнді жазын Қазақстан аумағына әкелген антициклонның ықпалынан еліміздің шығысында ғана күн жауын-шашынсыз жылы болады.

Республиканың қалған бөлігіне Мурманск аудандарынан келген циклон әсер ете бастайды. Ол ел аумағы арқылы жылжып, жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жаууына ықпал етеді. Сондай-ақ, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстікте жаяу бұрқасын соғып, ауа температурасы төмендейді.