Алдағы жылдан бастап ұлттық қордан бюджетке алынатын қаржы азаяды

Алдағы жылдан бастап ұлттық қордан бюджетке алынатын қаржы азаяды
ernur.kz

Ұлттық қордан қаржы алу азаяды. Бұл туралы елдің қаржы министрі қаржыгерлердің 9-ші конгрессінде мәлімдеді деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Ол үшін қандай шаралар қабылданады?  Кейінгі екі жылда ұлттық қордан мемлекет бюджетіне алынған қаржы сомасы екі есе көбейді. Мәселен 2019-шы жылы ұлттық қордан бюджетке 2,2 триллион теңге алынса, былтыр 4,7 триллион теңге аударылды.

Ал биыл 4 жарым триллион теңге жұмсалған. Қаржы министрінің айтуынша, келер жылы кепілдендірілген трансферт 300 миллиард теңгеге азаяды. Ал мақсатты трансферт 1,9 триллионнан 550 миллиард теңгеге қысқарады. Яғни мұнайдан түскен табыстың бюджетке берілетін үлесі азайып, ұлттық қорға жинақталады. Осы тұста бюджетті қалай толықтырамыз деген заңды сауал туады.

Қаржы министрінің айтуынша, ол үшін нарықта көлеңкелі бизнестің үлесін азайту, кеден инфрақұрылымын жаңарту, салық және кеден ісінде цифрлық технологияларды енгізу сынды бірқатар жұмыс атқарылмақ.