Алдағы күндері Қазақстанда күн ыстық болады

Алдағы күндері Қазақстанда күн ыстық болады
Сурет: Newsday.by

Кей аймақтарда ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі.

Синоптиктер маусымның 22-24 күндері аралығында Қазақстанда қандай ауа райы болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  

«Кезең ішінде Қазақстанның батыс аудандары антициклон жотасының ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі. Ал республиканың қалған аумағына солтүстік циклон шұңқыры әсер етеді, онда найзағай, бұршақ, екпінді жел, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады», – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

 Солтүстікте, шығыста және орталықта температура фоны түнде 5-13, күндіз 12-23 жылы, оңтүстік жартысында түнде 12-22, күндіз 24-35 жылы, батыста түнде 15-25 жылы, күндіз 34-42 ыстық болады.