Алдағы күндері ауа райы жауын-шашынсыз болады

Алдағы күндері ауа райы жауын-шашынсыз болады
Сурет: Biletik.aero

Кей жерлерде екпінді жел, оңтүстік пен батыста шаңды дауыл байқалады.

 Синоптиктер бейенбі күні Қазақстанда болатын ауа райы туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

21 шілдеден бастап елдің солтүстік, солтүстік-батыс бөлігіне антициклон жотасы әсер етеді, онда жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтіледі.

«Батыста ауа температурасы түнде +20+25℃, күндіз +33+41℃, республиканың солтүстігінде ауа температурасы түнде +10+18℃, күндіз термометрдің бағандары +23+35℃, солтүстік-батыста түнде +12+25℃, күндіз +25+40℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +10+21℃, күндіз +25+35℃, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнгі температура +13+25°С, +30+40°С»,– делінген «Қазгидромет» хабарламасында.