Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады?

Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады?
Сурет: 24.kz

Синоптиктер еліміздегі 18-20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері еліміздің солтүстігінде аяз, ал батысында жауын-шашын болады.

«Жақын арада Қара теңіз аудандарынан келетін батыс антициклоны, Қазақстандағы ауа райына әсер етеді. Циклон еліміздің солтүстігіне аяз алып келеді, жауын-шашын тыйылады. Ал Қазақстанның батысына қарай Мурманск аудандарынан циклон келе жатыр.Онда жаңбыр мен қар, екпінді жел мен көктайғақ құбылыстары күтіледі. Солтүстік-батыс, солтүстік өңірлердегі термометр бағаны түсіп, температура түнде 10-25 аяз, батыста 5-15 градус суық, оңтүстікте 0-15 градусқа шейін төмендейді», - делінген болжамда.