Алдағы жылы Журналистер гүлзары абаттандырылады

Алдағы жылы Журналистер гүлзары абаттандырылады
twitter.com

Бұл туралы қала әкімі Е. Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты,  деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

 

Медеу  ауданында қоғамдық кеңістікті дамыту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік музейінің жанындағы гүлзарды және Оқушылар сарайының жанындағы гүлзарды қайта абаттандыру аяқталады.

Қыркүйек айында Алматы хайуанаттар паркіндегі тазарту қондырғыларын пайдалана отырып, 4 тоғанды қайта жаңғырту аяқталды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қыркүйек айында "Алатау" ықшамауданындағы Журналистер гүлзары мен Ибрагимов көшесіндегі гүлзарды қайта жаңғырту бойынша ЖСҚ-ға сараптама қорытындысы алынды.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын келесі жылдың көктемінде басталады. Есентай өзенінің жағасында Жамақаев көшесінен дамбаға дейін жаңартылған қоғамдық кеңістік пайда болды. 4,2 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынды, сыртқы жарықтандыру желілері бойынша жұмыстар жүргізілді, балалар, спорт алаңдары мен жаңа шағын сәулет нысандары орнатылды.