Алдағы жылы ұлттың рухын көтеретін маңызды іс-шаралар өтеді - Мемлекет басшысы

Алдағы жылы ұлттың рухын көтеретін маңызды іс-шаралар өтеді - Мемлекет басшысы
сурет:365info.kz

Алдағы жылы ұлттың рухын көтеретін маңызды іс-шаралар өтеді.

Бұл туралы Президент Қ.Тоқаев өз құттықтауында айтты деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

«Біз келе жатқан жаңа жылдан зор үміт күтеміз. Баршаңызға мәлім, әлемдегі ахуал аса күрделі. Соған қарамастан, келесі жыл еліміз үшін жемісті жыл болады деп сенеміз. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр, көптеген жоспарымызды жүзеге асыруымыз керек. Негізгі мақсат – мемлекетімізді нығайту және халқымыздың әл-ауқатын арттыру. Мен Президент ретінде осы мақсаттарға жету үшін барлық күш-жігерімді саламын. Алдағы жылы ұлттың рухын көтеретін маңызды іс-шаралар өтеді. Біз бір ел болып, бір халық болып, бірлесе еңбек етіп, жаңа жылда жаңа табысқа жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін», - деді ҚР Президенті.