Алдағы жеті жыл саяси экономикалық жаңғыру кезеңі болмақ - сарапшы

Алдағы жеті жыл саяси экономикалық жаңғыру кезеңі болмақ - сарапшы
Сурет: Ser-per.kz

Алдағы жеті жыл Қазақстан үшін нағыз саяси және экономикалық жаңғыру кезеңі болмақ.

Сайлау қорытындысы бойынша пікірін білдірген АҚШ сарапшысы, Джорджтаун Университетінің халықаралық саясат академиясының директоры Сергей Гретский осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 «Қазақстанды және Президентті саяси жүйеде маңызды өзгерістерге тағы бір қадам жасағанымен құттықтауға болады. Сайлауда Президенттің жеңіске жететініне ешкім шүбә келтірмейді. Ол бұған толығымен лайық, өйткені маңызды саяси реформаларға бастамашы болды. Отбасы мен туыстарын саяси-экономикалық билікке жібермеуі көптеген саяси басшыларға үлгі болуы керек. Сыртқы бақылаушы ретінде, менің ойымша, Қазақстанды саяси экономикалық және әлеуметтік реформалардың өте серпінді, өте позитивті 7 жылы күтіп тұр», - дейді Джорджтаун Университетінің халықаралық саясат академиясының директоры Сергей Гретский.