Алдағы үш күнге арналған ауа райы мәліметі

Алдағы үш күнге арналған ауа райы мәліметі
Сурет: Newtimes.kz

Елімізде ауа райы тұрақсыз болмақ.

Синоптиктер 27-29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты, ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі.

«Қар жауады, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, бұрқасын, оңтүстік пен оңтүстік-батыста көктайғақ күтіледі. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді», - делінген хабарламада.