Алдағы референдум – бұл елдегі саяси трансформацияның соңғы сатысы емес – Қасым-Жомарт Тоқаев

Алдағы референдум – бұл елдегі саяси трансформацияның соңғы сатысы емес – Қасым-Жомарт Тоқаев
Сурет: Elorda.info

Алдағы референдум – бұл елдегі саяси трансформацияның соңғы сатысы емес. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.

"Алдағы референдум – бұл елдегі саяси трансформацияның соңғы сатысы емес екендігін атап өткім келеді. Бұл түптеп келгенде оның бастауы. Жұмыс ендігі ғана басталады. Өйткені, өмірдің өзі және азаматтардың қажеттілігі біздің алдымызға жаңа міндеттерді жүктейтіндігі сөзсіз. Біз саяси салада талдырма терапия орынсыз екендігіне сүйенуміз қажет", - деді ҚР Президенті Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда сөйлеген сөзінде.

 Мемлекет басшысының пайымдауынша, күрделі геосаяси ахуалда ол бүлдіруші салдарға, құлдырауға, тіпті мемлекеттіктен айырылып қалуға әкелуі мүмкін. Сондықтан да осынау күрделі жолда әр қадамды ойластыра отырып, нық әрі сенімді басу қажет.

"Тасыған өзеннен өтерде аяғыңның жерге тиетіндігін білуің қажет» дейді шығыс даналығы. Ең бастысы, қоғамымыз алғашқы қадам жасауға дайын және ол ең соңғысы болмақ емес. Реформаның міндетті түрде жалғасы болады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.