Алдағы оқу жылынан бастап Алматы мектептерінде оқушылар тегін тамақтанатын болады

Алдағы оқу жылынан бастап Алматы мектептерінде оқушылар тегін тамақтанатын болады
Сурет: Astana-akshamy.kz

2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Әсем Нусупова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Telegram каналындағы НЕХабар паблигіне сілтеме жасап. 

«Әлеуметтік жағдайына қарамастан, 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл өте маңызды, біз қоғаммен санасып, тиісті ас мәзірін жасайтын боламыз», - деді Әсем Нусупова.