Алдағы күндері жаңбыр жауып, жел тұрады

Алдағы күндері жаңбыр жауып, жел тұрады
Сурет: Ukranews.com

Бұршақ жаууы да ықтимал.

Синоптиктер алдағы күндері Қазақстанда жаңбыр жауып, қатты жел тұратынын болжады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.

Алдағы үш тәулікте солтүстік-батыс циклонының әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы да ықтимал. 

 «11 маусымға қарай республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда нөсер жаңбыр жауады, ал батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Ауа температурасы күндіз 20-28 градусқа дейін біртіндеп төмендейтін солтүстік облыстарды қоспағанда, температуралық фонның елеулі өзгерістері болмайды», - делінген синоптиктер болжамында.