Алдағы тәуліктерде күн салқындап, қатты жаңбыр жауады

Алдағы тәуліктерде күн салқындап, қатты жаңбыр жауады
Сурет: Pxfuel.com

30 маусым-2 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамы.

«Қазгидромет» мамандары алдағы күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты, Қазақстан аумағында күн күркіреп, жаңбыр жауады.

«1 шілде күні шығыста, 2 шілдеде республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ, дауыл, желдің күшеюі күтіледі. Солтүстік-батыс антициклонның сілемімен еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі және салқын ауа райы болажанады», - делінген синоптиктердің хабарламасында.