Алдағы күндері кей өңірлерде 37-42 градус ыстық болады

Алдағы күндері кей өңірлерде 37-42 градус ыстық болады
Сурет: Ведомостинсо.рф

Кей аймақтарда жел тұрады.

«Қазгидромет» мамандары 7-9 маусым күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Солтүстік-батыста циклонмен, Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді. 

«Тек республиканың оңтүстік-батысы мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Күндізгі ауа температура солтүстікте 23-30-ға дейін, облыстың оңтүстігінде 33 жылу, орталықта 27-35-ке дейін, шығыста 28-33-ке дейін, оңтүстікте 36 жылу, оңтүстік өңірлерде 27-35, облыстың оңтүстік-батысында 37-42 жылу болады деп күтілуде. Тек республиканың шығысында түнгі уақытта топырақ бетінде үсік жүреді», - делінген синоптиктердің хабарламасында.