Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік өңірлерінде жаңбыр жауады

Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік өңірлерінде жаңбыр жауады
Сурет: M24.ru

Оңтүстігінде ауа температурасы 25-35 жыл шамасында сақталады.

«Қазгидромет» мамандары 24-26 қыркүйек күндері ауа райының қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Солтүстік-батыс циклоны Қазақстанның батыс өңірлеріне әсер етеді, содан кейін шығыс бағытта жылжып, елдің қалған аумағына да әсерін тигізеді, жаңбыр жауады. 25 қыркүйекте батыста, 26 қыркүйекте солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі және бұршақ күтіледі. Келесі аптаның басында Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын күтіледі (жаңбырдың соңы қарға ұласады). Қазақстанның оңтүстік-шығысында тек таулы және тау бөктеріндегі аудандарда өткінші жаңбыр жауады»,- делінген синоптиктердің хабарламасында. 

Ауа температурасы күндіз елдің батысында 22-33-тен 9-22-ге дейін, солтүстік-батыста 25-32-ден 10-23-ке дейін, солтүстікте 23-30-дан 5-20-ға дейін, орталықта 22-32-ден 20-28-ге дейін, Қызылорда облысында 30-35-тен 17-25-ке дейін төмендеуі болжанады. Елдің оңтүстік-шығысы мен қиыр оңтүстігінде ауа температурасы 25-35 жыл шамасында сақталады.