Алдағы күндері Қазақстанның солтүстігінде күн 25 градусқа дейін жылынады

Алдағы күндері Қазақстанның солтүстігінде күн 25 градусқа дейін жылынады
Сурет: Slovoidilo.ua

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы жайлы айтты.

«Қазгидромет» мамандары 12-14 сәуірге арналған ауа райы болжамын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан аумағы арқылы батыс циклон өтеді. Елдің басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Республика бойынша тұман, республиканың батысында шаңды дауыл соғады.

«Тек еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндізгі еліміздің солтүстігінде ауа температурасы 20-25 градусқа дейін, орталықта 17-22 градус жылы болады. Ал облыстың оңтүстігінде 28 градус дейін, елдің шығысында 20 градусқа дейін күн жылы болады», - делінген синоптиктердің хабарламасында.