Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
Сурет: Sarnovosti.ru

Таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болады.

«Қазгидромет» мамандары 27-29 қазан күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстанның солтүстігінде, шығыста жауын-шашын болады, сондай-ақ еліміздің шығыс бөлігінде де жауын-шашынды ауа райы(жаңбыр, қар) сақталады.

"Аптаның ортасында солтүстік-батыс антициклоны батыс облыстарға, одан кейін Қазақстан аумағының басым бөлігіне ауысады, онымен жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының төмендеуі күтіледі", - делінген мамандардың болжамында.

28 қазаннан бастап еліміздің батысы циклон ойпатының ықпалында болады. Сондықтан елімізде жауын-шашынды ауа райы болады. 27-28 қазанда республиканың оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуімен жауын-шашын жауады: таулы аймақтарда қатты жауын-шашын сондай-ақ көктайғақ күтіледі. Ал республика бойынша желдің күшеюі, батыста, солтүстікте және шығыста көктайғақ, тұман күтіледі.