Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
Сурет: Oir.mobi

Антициклон әсерінен ауа райы салқындайды.

«Қазгидромет» мамандары 10-12 қыркүйек күндері ауа райын қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Скандинавия түбегінің ауданынан жылжыған антициклон Қазақстан аумағына ауыса отырып, күздің суық ауа райын қамтамасыз етеді. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен, 11-12 қыркүйекте жауын-шашынның ықтималдығы республиканың басым бөлігінде байқалады: елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, желдің күшеюі және бұршақтың жаууы болжанады. 10-12 қыркүйекте батыста, 10 қыркүйекте шығыста, 11-12 қыркүйекте солтүстік-батыста, 12 қыркүйекте солтүстік және орталықта түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі»,- делінген синоптиктердің болжамында.