Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
Сурет: Myslo.ru

Найзағай, бұршақ және шаңды дауыл болады.

«Қазгидромет» мамандары  12-14 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

 «Батыс циклоны мен атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен республиканың көп бөлігінде жаңбыр жауады. Нақтылап айтқанда, батыста, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 14 мамырға жақын — елдің солтүстігінде және орталығында жаңбыр болады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі күтіледі. Ал оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл соғады», - делінген хабарламада.